From Wikipedia, the free encyclopedia
Көкгүл тұқымдасы (лат. Gentianaceae) – қос жарнақты, бір не көп жылдық шөптесін өсімдіктер, ал тропиктік, субтропиктік аймақтарда бұта, шала бұта, ағаш (биіктігі 5 м-дей) түрінде де болады. Жер шарында кең тараған 70 – 80-дей туысы, 1000-ға жуық түрі бар, солардың ішінде Қазақстанда 6 туысы (көкгүл, толғақшөп, әлпігүл, мүйізгүл, таугүл, анагаллидиум), 45 түрі өседі. Көкгүл Тұқымдасының көпшілік түрінің құрамында ащы органиклық зат – гликозид болады. Қос жынысты гүлдерінің түсі көк, ақ, қызыл, қызғылт, ал Мексика гүлінің түсі ерекше қара болады. Тостағанша жапырақтары 4 – 5 тілімге бөлінген. Күлтесі түтікшелі келген, қоңырау тәрізді, кейде күлтелерінің бөлінген жерінде қатпарлары болады. Осы күлтесінің түбінде өсімдіктің шырыны жиналады. Аталық жіпшелері жіңішке, аталық тозаңқабы бос жатады. Жатыны бір ұялы, жемісі – тығыз қабықпен қапталған қорапша. Көкгүл Тұқымдасына жататындардың көпшілігі – дәрілік және сәндік өсімдіктер.
Gentian family | ||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Gentiana acaulis
| ||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||
| ||||||||||||
Тектері мен түрлері | ||||||||||||
87 тегі мен 1600 түрі белгілі |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.